
Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында, Жамбыл облысы Әділет департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Экономикалық тергеп-тексеру және Кіріс департаменттерінің өкілдерінің, Кәсіпкерлердің өкілдерінің қатысуымен «Бизнес субъектілеріне қатысты шектеу шаралары туралы шешімдерді қабылдау кезінде оларды ерекше жағдайларда ғана қолданып, тепе-теңдік пен мөлшерлестіктің сақталуын қамтамасыз ету» және «Географиялық нұсқама» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің туындаған барлық сұрақтарына жауап беріліп, тіркеу мәселесі бойынша консультациялық көмек көрсету мен сүйемелдеу мәселесі талқыланды.