
16.03.2026 жылы Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары К. Пилалов және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д. Султанбеков Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толуына орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалымен ұйымдастырылған семинар-кеңеске қатысыты.
Аталған іс-шарада, К. Пилалов азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Әділет департаментінің грамоталарымен марапаттады.