
Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Жамбыл облыстық әкімімен, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында «Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Жамбыл ауданы бойынша жеке сот орындаушысы және Жамбыл ауданы бойынша Мансап орталығымен бірлесіп, 2026 жылдың 13 наурызда сағ 10.00 де, «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкеге жұмыс берушілер Жамбыл ауданының 5 кәсіпорындары қатысып, 35 бос орындар ұсынылды.
Іс-шараға қатысқан алимент бойынша борышкерлер саны - 1, оның ішінде 1 борышкер жұмыс орындарына жолдама алды.