Мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу

Мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу

 

      Мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу-бұл заңсыз алынған, не сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылуға жататын мүлікті өндіріп алу рәсімі.

      Бұл шараның басты мақсаты-заңдылықты қамтамасыз ету, әділдікті орнату және мемлекет мүддесін қорғау.

 

  • Құқықтық негізі:

       Мүлікті тәркілеу Қазақстан Репсубликасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстері, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының   мәртебесі туралы" Заң негізінде жүзеге асырылды.

  • Атқару тәртібі:

Сот орындаушы атқарушылық құжатты алған соң, борышкердің мүлкін анықтап, есепке алып, тәркілеу және оны мемлекет кірісіне өткізу бойынша іс-шараларды орындайды.

 

  • Маңызды ескерту:

Тәркілеу кезінде борышкердің құқықтары мен заңды мүдделері сақтаулы тиіс. Барлық әрекеттер заңнама талаптарына сай жүргізіледі.

 

  • Мемлекетке өткізу:

Тәркіленген мүлік арнайы есепке алынып, уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы мемлекет кірісіне өткізіледі.

Мемлекет кірісне тәркілеу- заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз мүлкі мен міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарау тиіс.