
2026 жылғы 11 наурызда Жамбыл облысы Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының 2.2 тармағын орындау мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ақпараттық түсіндіру бөлімінің инспекторы Б.К.Алпысбаевтың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Іс - шара барасында мемлекеттік қызметшілер арасында іскерлік әдеп пен ресми мінез – құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыстар талқыланды.