Мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне келіп түскен өтініштердің кері қайтару қаулыларының санының көбеюіне байланысты кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы М. Исабеков, құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы А. Қалдыбекова, Жамбыл облысының адвокаттар алқасының төрағасының орынбасары А. Аманжолова және Заң консультанттары палатасының төрағасы Ш. Исабеков мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне келіп түскен өтініштердің кері қайтару қаулыларының санының көбеюіне байланысты кездесу өткізді.
Кездесу барысында өтініштердің кері қайтару қаулылары санының көбею себептері талқыланды. Сонымен қатар, өтініштерді қабылдау және қарау барысында туындайтын мәселелер қарастырылып, жұмыс тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.