Талас ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы гимназия» КММ–де, ата –аналардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Талас ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы гимназия» КММ–де, ата –аналардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

      2026 жылдың  20  қарашасында, «Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшы – аға сот орындаушысы С.Капсаланов, жас өспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру және «Жастардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру», «Буллинг» «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерлету мақсатында, Талас ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы гимназия» КММ–де, ата –аналардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

        Сонымен қатар, сот орындаушысы «Әділет» чат-боты –цифрлық көмекші туралы  айтып берді. Бұл  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне  біріктірілген инновациялық құрал, ол пайдаланушыларға тәулік бойы заңды қолдау көрсетеді, құқықтық мәселлелер бойынша жедел кеңестер, құқық нормаларын түсіндіру және қажетті құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.