Заңды тұлғаларды тіркеу

Заңды тұлғаларды тіркеу

12.02.2026 жылғы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысының м.а. Д. Султанбеков пен бас маман                              А. Уркунчиева мен  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының барлық қалалық/аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің қызметкерлерінің арасында, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу бойынша (ZOOM бағдарламасы арқылы) ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар өткізілді.

Іс-шара барысында, қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нәтижесі,  мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету қағаз түрінде жеткізуді,  заңды тұғаларды  тіркеу саласы,  «Электронды апостиль қою» мемлекеттік қызмет санын көбейту бойынша түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, жұмыстың сапасын арттыру мақсатында тиісті ұсыныстар айтылды.