
Жамбыл облысы Әділет Департаментінің «2026 жылға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында, 2026 жылдың 10 ақпан күні «Шу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» аға сот орындаушысы Кенбаев Ернар Еркинович, Жамбыл облысы жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушыларымен онлайн режимде ҚР ӘҚБтК 669 бабы бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі міндеттері және жеке сот орындаушылары тарапынан жүргізілетін амалдарына бағытталған семинар-сабақ өткізілді.
Өткізілген семинар-сабақ барысында атқарушылық өндіріс саласындағы заң нормаларына т.б сұрақтар көтерілді.
Бөлімнің аға сот орындаушысы Е.Кенбаев семинар-сабаққа қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиісінше жауап беріп, жүргізілетін іс-әрекеттер жөнінде өзара пікірлерін білдірді.