«Жаңа Конституцияның жобасы туралы»

«Жаңа Конституцияның жобасы туралы»

 

Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы М.Н.Исабеков кәсіби қоғамдастық өкілдерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

          Талқылау барысында құжаттағыжаңашылдықтар, конституциялық реформаның өзекті мәселелері қаралып, кәсіби пікірлер мен ұсыныстармен алмасты. Ашық диалог пен дайындық прецесіне сарапшылардың белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Әділет департаметі жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау аясында кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жалғастырады.