Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыну бере отырып, Республикалық палата мүшелігінен шығару.

Жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.

Тәртіптік жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.

Жеке сот орындаушысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.