Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар

Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар

Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар

          «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегімәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

      Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.