Сағындықов Жұмабек «Еңбек даңқы» орденінің үшінші дәрежесімен марапатталды

Сағындықов Жұмабек «Еңбек даңқы» орденінің үшінші дәрежесімен марапатталды

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында көпжылдық адал еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі үшін Сағындықов Жұмабек «Еңбек даңқы» орденінің үшінші дәрежесімен марапатталды.

Сағындықов Жұмабек 1953 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке жақын болып өскен ол өмір жолын адал еңбек пен жауапкершілікке арнады.

Жұмабек Сағындықов еңбек жолын ерте бастады. 1970–1973 жылдары Маңғыстау облысында әскери қызмет атқарып, азаматтық борышын абыроймен өтеді. Әскери қызметтен кейін туған өлкесінің дамуына үлес қосты: 1974–1980 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылында жүргізуші болып еңбек етті. 1980–1989 жылдары Тараз қаласындағы НДФЗ кәсіпорнында жүргізуші қызметін атқарды.         1997–2015 жылдары Тараз қаласындағы «Жасыл–Тараз» ЖШС-де жұмысшы болып қызмет етіп, қаланың көркеюі мен дамуына өз үлесін қосты. 2015 жылдан бері бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының Әділет департаментінде аула сыпырушы болып адал еңбек етіп келеді.

Жұмабек Сағындықов — үлгілі отбасы иесі. Жұбайы бар, алты баланы тәрбиелеп өсіріп, оларға еңбекқорлық, адамгершілік және жауапкершілік сияқты асыл құндылықтарды сіңірді.