
19.12.2025 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Мемлекеттік тілді нығайту мен дамыту» тақырыбында семинар өткізді, сондай-ақ бөлім қызметкерлері арасында шахматтан турнир өткізді. Іс-шара барысында, мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымы кезінде мемлекеттік тілді қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Семинар қорытындысы бойынша, қызметкерлерге қызметтік міндеттерін орындау сапасын одан әрі арттыру үшін, тиісті ұсыныстар берілді.