
Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына, меншік иелері кооперативтерін тіркеуге, сол сияқты мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің, меншік иелері кооперативтерінің тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынатын құжаттар топтамасына қатысты өзгерістер енгізілді. (ӘМ «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 505 бұйрығы).
Осыған байланысты, заңды тұлғаларды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттарды ұсыну тиіс:
Көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері бірлестіктері: жиналыс хаттамасы, мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленген алымның түбіртегі немесе басқа да растайтын құжат.
Пәтерлер иелері (тұрғын емес жайлардың) кооперативі: жиналыс хаттамасы, мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленген алымның түбіртегі немесе басқа да растайтын құжат, сонымен қатар, мемлекеттік тіркеуге заңды тұлға жарғылары ұсынылмайды, себебі, аталған заңды тұлғалар өз қызметтерін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, бұрын тіркелген меншік иелері кооперативтері заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қайта тіркеуден өтуі тиіс.