Хабарландыру (Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы)

Хабарландыру (Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы)

Жамбыл облысының Әділет департаменті (әрі қарай-Департамент) 2020 жылдың 21 қазан айынан бастап жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды атестаттауға қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестатау бойынша хабарландыру Департаменттің http://www.zhmb.adilet.gov.kz/ru интернет-ресурсында жарияланған.

Өтініштер 2020 жылдың 26 қазан айына дейін қабылданады.

Атестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  • «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.

 

Аттестация өткізілетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 55.

Аттестация өткізілетін уақыты: 2020 жылдың 5 қарашасында, сағат 11.00-де.

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Төле би даңғылы 55 мекен-жайында  орналасқан Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінен немесе 8 (7262) 99-98-22 телефоны арқылы алуға болады.