
Ағымдағы жылы «Хоргос» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімінің көрмесі өтті. Іс-шара Қытай әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақстанның 50-ден астам компания өкілдері қатысты, солардың қатарында Жамбыл облысынан географиялық нұсқама ретінде тіркелген "Тараз халвасы" ЖШС болды.