Алимент бойынша борышкерлерге жұмыс табуға көмек көрсетілді

Алимент бойынша борышкерлерге жұмыс табуға көмек көрсетілді

Бүгінгі күні Жамбыл облысының аумағында 98 жеке сот орындаушысы өз қызметін атқаруда, олардың орындауында 13 522 алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық өндірістері бар, оның ішінде 3 728 атқарушылық өндірістер мерзімдік өндірілуде болса, ал 120-сы проблемалық алименттер.

Дәл соңғылары үшін 2020 жылдың 13 қазанында қалалық Халықты жұмыспен қату орталығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 11 кәсіпорын 150 аса жұмыс орнын ұсынды.

 Іс шараға Тараз қаласының прокуратурасы, Жамбыл облысының Әділет департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы және Тараз қаласының пробация қызметі қатысты. Іс шараның басты мақсаты қоғамның осал топтарының мүдделерін қорғау – балалар және жалғыс басты аналар.

Нәтижесінде, 40 тұлға жәрмеңкеге қатысып, оның 15 жұмысқа жолдама алды.

Аталған іс шара «Jambyl» телеарнасымен жарияланды.