е-апостиль

е-апостиль

24.09.2025 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының нотариустарымен «ҚР Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға электрондық «апостиль» қою» мемлекеттік қызмет түрін кеңінен насихаттау  және көбейтуді қолға алу туралы талқыланды.

Кездесу барысында, нотариустарға электронды апостильге құжаттарды рәсімдеу және  уәкілетті органға жолдау тәртібі туралы түсіндіріліп, видеоролик ұсынылды.