2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын орнықтыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, Жамбыл облысының Әділет департаменті қызметкерлері «Жамбыл облысының жастар ұйымдары қауымдастығымен» және «Заң кеңесшілер палатасы» басқармасы мүшесінің қатысуымен «Парасат» колледжінің заң факультеті студенттерімен кездесу өтті.
Сондай-ақ студенттерге «Әділет» чат-боты – цифрлық көмекші туралы айтылды. Бұл «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне біріктірілген инновациялық құрал. Чат-бот пайдаланушыларға құқықтық мәселелер бойынша жедел кеңестер, құқық нормаларын түсіндіру және қажетті құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы құқықтық қолдау көрсетеді.
Студенттерді кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізілетін іс-шараларға және азаматтарға кеңес беруге белсенді қатысуға шақырды.