Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы М.Кожамжаров Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүргізілген жаңалықтар тұрғындар назарына жеткізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған құқықтық сұрақтарға жауаптар берілді.
Сондай-ақ, аға сот орындаушысы Цифрлық көмекші – Chat Bot Әділет туралы айтып өтті. Бұл – инновациялық құрал. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне біріктірілген чат-бот пайдаланушыларға тәулік бойы заңды қолдау көрсетеді, құқықтық мәселелер бойынша жедел кеңестер, заң нормаларын түсіндіру және қажетті құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігін береді.