Салтанатты неке қию рәсімі жүргізілді

Салтанатты неке қию рәсімі жүргізілді

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Тараз қаласындағы «Салтанатты неке қию орталығында» аз. Асқар Оразбекұлы Бейсенбинов пен аз. Лаура Сейтханқызы Бейсенбинованың 20 жыл отандасқан мерейтойына орай және «Отбасы» күніне орай, салтанатты неке қию рәсімі жүргізілді.

Аталған салтанатты рәсімге, Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының м.а. Бауыржан Нұрланұлы Шамгунов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Нұркен Жұманғалиевич Құмғанбаев қатысып, құттықтау тілегін білдіре отырып естелікке сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады.