2025 жылғы 11-12 қыркүйекте ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен жетекші әлемдік компанияларды біріктіретін және жаһандық деңгейде контрафактілік өнімдермен күресуге ықпал ететін React халықаралық қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «Контрафактілік тауарларды анықтаудағы халықаралық практикалық тәжірибе» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен жетекші шетелдік компаниялар өкілдері қатысты. Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Н.Андасов та қатысып, халықаралық тәжірибе, құқықбұзушылықтарды анықтау мен алдын алу тәсілдері, сондай-ақ білім беру қызметіне және азаматтар мен бизнес арасында зияткерлік меншікті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысы құқық қолдану практикасын жетілдіру, алдын алу шараларын күшейту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.