
Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Г.Т.Байзакова және Жамбыл облысы нотариалдық округінің нотариусі К.Аликулованың қатысуымен, «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету және азаматтарға құқықтық кеңес беру мақсатында, Сарысу ауданы Туркестан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылының тұрғындарына заң көмегін көрсетуге және халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында азаматтар құқықтық кеңес алып, олар қызықтырған сұрақтарға жауап алды.