Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағының 11-1 тармақшасына сәйкес атқарушылық жазба атқарушылық құжат болып табылады.
Мәжбүрлеп орындатуға заңды күшіне енген атқарушылық жазбалар сот орындаушыға беріледі.
«Нотариат туралы» Заңның 92-6 бабының 2 тармағына және 92-8 бабының 2 тармағына сәйкес борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Атқарушылық жазбаның күшін жою сот орындаушыларының құзіретіне жатпайды.
Сондықтан, атқарушылық жазбанының күшін жою үшін атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа, нотариалдық палатаға немесе сотқа жүгіну қажет.