Салалық волонтерлікті дамыту мақсатында және Жамбыл облысы Әділет департаменті мен Жамбыл облыс әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі арасында жасалған Меморандум аясында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы мен Заң консультанттар палатасының заң консультанты бос орын жәрменкесінде құқықтық кеңес берді.
Іс-шара мақсаты өзекті әлеуметтік және құқықтық мәселелердің шешу жолдары, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру.
Сонымен қатар, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының өкілдері, Тараз қаласының «Мансап орталығы», Жамбыл облысы әкімдігінің «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өз салалары бойынша қала тұрғындарының сұрақтарына жауаптар қайтарды.