«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтарындағы №13 бұйрығына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2025 жылғы 28 шілдедегі №121 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау жүргізу мерзімдері өзгертілді (бағалау тоқсанның қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі), сондай-ақ негізгі нысаналы индикаторлар бойынша басшылардың бағасы алынып тасталды, алайда басшы лауазымды атқаратын адамдарды, сондай-ақ басшы емес лауазымды атқаратын адамдарды бағалаудың жаңа тәртібі белгіленді.
Еңбек тәртібін сақтау (кешігулер саны, себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығу, қызметтік әдепті бұзу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау, мемлекеттік орган регламентін сақтау, осы параметр бойынша мемлекеттік органды бағалау әдістемесінде көзделген өзге де фактілер).
Тәртіптік жазаның болмауы бағаланатын тоқсанда тәртіптік жаза қолдану ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс түрінде баға 2,99 балдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 балдан аспауы тиіс.