Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары

Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы Қаржыминистрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №169 бұйрығымен Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Осы Қағидалар ҚР Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін белгілейді.

Түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

-ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау;

-ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;

-пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;

-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен шарттарының сақталуын тексеру;

-есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржылық инвестицияларды және бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.