«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы

2024 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл өзгерістер сот реформасының маңызды кезеңі болып табылады.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда үш жеке кассациялық сот құрылды. Олар қылмыстық істер, азаматтық істер, әкімшілік істер бойынша жұмыс істей бастады.

Реформаның мақсаттары әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, соттар арасында өкілеттіктерді нақты бөлу және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға үлес қосу болып табылады.

Сот жүйесінің жаңа құрылымы:

  • Аудандық және облыстық соттар – бірінші және апелляциялық сатылар;
  • Кассациялық соттар – істерді мәні бойынша қайта қарайтын соттар;
  • Жоғарғы Сот – сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ететін және құқықтық мәселелерді зерттейтін орган.

Кассациялық соттардың жұмыс тәртібі:

Істер тікелей кассациялық сот алқаларына түсікеннен кейін, тараптардың қатысуымен қаралады және қарау мерзімі алты айдан аспайды.