Жолданымға қойылатын жалпы талаптар

Жолданымға қойылатын жалпы талаптар

1. Ауыша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.

2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес – сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

      3) жолданымның атауы;

      4) жолданымның берілген күні;

      5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.