Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2025 жылдың 14 шілдесінде Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Шамгуновтың төрағалығымен, Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілі және Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен Тараз қалалық жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Жеке меншігінде мүлігі бар борышкерден алимент өндіру бойынша құқықтық аспектілер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында өзекті сұрақтар талқыланып, жеке сот орындаушыларға берешекті өтеу мақсатында алдын ала бағалау тәртібімен мүлікті сату бойынша шараларды қолдану туралы және т.б. тапсырмалар берілді.