
2025 жылғы 9 шілдеде Шу ауданының мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Е.Е.Кенбаев Шу ауданында азаматтармен кездесу өткізді.
Іс-шара аясында азаматтарға заңнама талаптары, соның ішінде заң мен тәртіпті сақтау мәселелері түсіндіріліп, тегін заң консультациялары берілді.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық сананы нығайтуға бағытталған заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету Концепциясын іске асыруға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар, соның ішінде ауылдардағы кездесулер мен құқықтық көмек күндері, халыққа заңгерлік қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.