«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметі туралы

«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасы» (әрі қарай – жоба) іске қосылғандығын хабарлайды. «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметі мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсетіледі.

Бұйрықтың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

         Көрсетілетін қызметті алушы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттеріне портал арқылы осы Тәртіптің 7- қосымшасына сәйкесэлектрондық құжат нысанындағы өтінішті«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) құжаттарды жолдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілген қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтеді.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
  • практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).

         Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.