Жамбыл облысы Әділет департаменті дәстүрлі қағаз сауалнамаларды алмастыратын заманауи QR-сауалнама жүйесін енгізді. Жаңа цифрлық сауалнама түрі тұрғындардың ыңғайлылығы үшін әзірленді және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
QR-сауалнама азаматтардың пікірлері мен деректерін тез және тиімді жинауға мүмкіндік береді, қатысудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. QR-кодты сканерлеу арқылы әрбір тұрғын сауалнаманы өзіне ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде, смартфон немесе басқа құрылғы арқылы толтыра алады. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, қағаз тасымалдағыштарды пайдалануды азайтып, экологиялық тәсілді қолдайды.
Бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыру. Сауалнама құқықтық сауаттылыққа қатысты өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу үшін шаралар әзірлеуге көмектеседі. Сауалнамаға қатысу – өз құқықтары мен міндеттерін саналы түрде түсінуге бағытталған қадам, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға үлес қосу мүмкіндігі.
Барлық тұрғындарды QR-сауалнамаға қатысуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз!