«Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен қаржылық есептілік нысандары бекітілді:
- ҚЕ-1-нысан "Бухгалтерлік баланс";
- ҚЕ-2-нысан "Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп";
- ҚЕ-3-нысан "Қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп";
- ҚЕ-4-нысан "Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп";
- ҚЕ-5-нысан "Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба";
- ҚЕ-6-нысан "Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс".
Сондай-ақ, Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілді. Осы қағидалар оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін және көлемін, мерзімділігін, мерзімдерін белгілейді.