Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алу үшін оқыту процесі. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алу үшін оқыту курстары. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың құзыреттерін жетілдіру үшін оқыту семинарлары.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кемінде үш жылда  бір рет біліктілігін арттырудан өтеді. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатыпалу Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзгеде білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.