«Ұлттық тауарларды жылжытудағы Географиялық нұсқама» және «Мүліктік авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыптарында семинар өткізілді

«Ұлттық тауарларды жылжытудағы Географиялық нұсқама» және «Мүліктік авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыптарында семинар өткізілді

2025 жылдың 30 маусымында Жамбыл облысының Әділет департаменті «ҰЗМИ» РМК,  Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Zoom платформасы арқылы «Ұлттық тауарларды жылжытудағы Географиялық нұсқама» және «Мүліктік авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыптарында өңірдің мүдделі ұйымдары мен кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

Семинар барысында спикерлер Географиялық нұсқаманы құқықтық қорғау және олардың аймақтық брендтерді дамытудағы рөлі және Мемлекеттік қолдау бағдарламалары мәселелерін туралы түсіндіріп өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.