Жамбыл облысында «Заң және Тәртіп» атты апталық акциясы басталды

Жамбыл облысында «Заң және Тәртіп» атты апталық акциясы басталды

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 23-27 маусымы аралығында Жамбыл облысында азаматтарды қоғамдық қабылдау бойынша апталық акциясы басталды.

Барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, көмек көрсетеді.

Бұл шараның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.

Акцияның бірегей ерекшелігі – өңірдің әртүрлі елді мекендерінде бірнеше іс-шаралардың бір уақытта өткізілетіндігі.

Тәжірибелі қызметкерлерден құралған мобильді топтар автобустармен ауылдық елді мекендерге барып, заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тәртібін жеткізу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін жұмыс істейді.

Мұндай тәсіл халықтың максималды қамтылуын қамтамасыз етеді және көрсетілетін көмектің тиімділігін арттырады.

Акцияға дайындық барысында азаматтардың өтініштері зерттеліп, шығатын жұмыс топтарының нақты үйлестірілуі қамтамасыз етілді.

Қоғамдық қабылдаулар күн сайын сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Тараз қаласында (ТРЦ «Mart») және аудан орталықтарында өтеді.