Мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету

Мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету

Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету олардың біліктілігін, құзыреттерін, қабілеттерін, еңбегін және қызметтік міндеттерін адал атқаруын ескере отырып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген Жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға дәйекті түрде орналасуды көздейді.

Осы мемлекеттік органда, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.

Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны, ауысу тәртібімен мемлекеттік лауазымға орналасқаны үшін, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде жол берілмейді.