Франциядағы Апостиль рәсімін реформалау мақсаты туралы

Франциядағы Апостиль рәсімін реформалау мақсаты туралы

Француз Республикасының Әділет министрлігі мен Еуропа және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, 2020 жылдан бастап легализациялау және апостиль рәсімдерін реформалауға кірісті.
Апостиль - бұл көпшілікке арналған ресми құжаттарға қойылған қолтаңбаның, қол қоюшының өкілеттігін, қажет болған жағдайда мөрдің шынайылығын растайтын рәсім. Бұл рәсім 1961 жылдың 5 қазанындағы Гаага Конвенциясының аясында енгізілген, аталған Конвенцияны Франция мен тағы 126 мемлекет ратификациялаған. Конвенция шетелдік ресми құжаттарды легализациялау талабын жояды.
Франциядағы Апостиль рәсіміне реформалау мақсаты – апостиль рәсіміне қатысты бас прокуратуралардың құзыретін нотариустарға беру, сондай-ақ апостильді растау және беру рәсімдерін цифрландыру болып табылады. 1961 жылдың 6 қазандағы жоғарыда аталған Конвенцияның 6 бабына сәйкес, әрбір мемлекет өз қалауы бойынша құзырлы органды тағайындауға ерікті.
Аталған реформа 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Франция аумағында күшіне енді.
2020 жылдың 4 наурызындағы № 2020-192 Жарлығына сәйкес, осы рәсімдерді жүзеге асыру құқығы нотариустардың кеңестері мен алқаларының төрағаларына берілді. 2023 жылғы 7 сәуірдегі қаулы Франция аумағында осы рәсімдерге құзыретті 15 нотариустар кеңесі мен алқасының тізімін бекітті.
2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 2021-1205 Декретте жаңа рәсімнің өзге де іс жүзіндегі тәртіптері нақтыланған:
- Өтініштер мен рәсімдер құзырлы органдарға электронды немесе қағаз форматта ұсынылуы мүмкін;
- Өтініш берушілер апостиль рәсімінің жағдайын электронды форматтағы арнайы тізілімнен қарай алады (мына сайт арқылы apostille-index.notaires.fr);
- Бас прокуратуралар мен Еуропа және Сыртқы істер министрлігі сәйкесінше апостиль мен легализация рәсімдеріне қатысты келесі жағдайларда құзыреттілігін сақтайды:
Қылмыстық істер бойынша сот-сараптамалық көмек көрсетуге байланысты ресми құжаттар;
Келесі аумақтарда: Жаңа Каледония, Француз Полинезиясы, Уоллис және Футуна аралдары, сондай-ақ Францияның Оңтүстік және Антарктикалық жерлері.