Цифрлық нотариат жобасының мақсаты – азаматтардың нотариаттық қызметтерді онлайн-форматта нотариусқа жеке бару қажеттілігінсіз, ыңғайлы және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта электрондық түрде мынадай қызметтер көрсетіледі:
- цифрлық сенімхаттар;
- неке туралы өтініш;
- жұбайының келісімі.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері цифрлық форматта Қазақстан бойынша 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет көрсетілді, бұл халықтың сервиске деген сұранысының жоғары екендігін айғақтайды.
Қызметтердің қауіпсіздігі мен заңды маңыздылығын қамтамасыз ету үшінбиометриялық сәйкестендіру мен нотариуспен өзара іс-қимылды бейнетіркеу қолданылады, бұл даулы жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, «цифрлық нотариат» жобасы азаматтардың заманауи үміттері мен цифрлық дәуірдің талаптарына жауап бере отырып, нотариаттық қызметтерді қолжетімді, қауіпсіз және тиімдірек етеді.