Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу

Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығымен «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бекітілді.

Осы қағидалар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

Мемлекеттік мекемелер «Есепке алу саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген есепке алу саясатына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды жүзеге асырады, ол осы Қағидаларда қаралғандардан есепке алудың нақты модельдерін айқындайды.