Борышкер жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы, заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы, мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда –сот орындаушысы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді.
Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.
Сот орындаушысының ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті.