Онлайн режимде түсіндірме жұмыс жүргізілді.
2025 жылдың 22 мамыр күні Құқықтық сауатылығын арттыру мақсатында Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшы аға сот орындаушысының міндетін атқарушы С.Капсалановпен, «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» КШЖҚ КМК-на онлайн режимінде, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 124 бабы «Атқарушылық санкция» өндіру туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. 124-бап. Атқарушылық санкциясы
Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.
Атқарушылық санкциясы, егер:
1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;
2) атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан он пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса;
3) борышкер мемлекет болып табылса, өндірілмейді.