Мемлекет пайдасына тәркілеу бойынша атқарушылық іс әрекет
2025 жылдың 27 мамырында Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшы-аға сот орындаушысының м.а. С.Капсалановпен, Байзақ аудандық сотының қаулысына сай, Байзақ ауданы, Дихан ауылы, А.Аликулов көшесі №2 «В» мекен-жайында орналасқан «Альтаир» дүкенінде сақтауда тұрған, алкоголь өнімдерін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде, Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөліміне қабылдау – беру актісі арқылы өткізіп, тәркіленді.