
Жамбыл облысы Әділет департаментінің атына адвокаттардың және заң консультанттарының адвокаттық және заң консультанттарының сұрау салулары бойынша ақпарат бермеу туралы өтініштері жиілеп кетті.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР Заңының 35-бабының 8-тармағына және 76 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың және зағ консультантының заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуларына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi. Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокат пен заң консультантына сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 668-бабына сәйкес, Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң, заң консультанттарының заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнама шегінде және мерзімдерінде адвокаттың және заң консультанттың сұрау салуына жауап беруі қажет.