Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

  1.       Сот орындаушысы:

      1) атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.

      Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.

      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

  1. Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
  2. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.

  1. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай:

      1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;

      2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;

      3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;

      4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;

      5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;

      6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.