Германия заңнаммасындағы кейбір өзгерістер туралы

Германия заңнаммасындағы кейбір  өзгерістер туралы

 

Германия заңнаммасындағы кейбір  өзгерістер туралы

01.05.2025 ж.  Германия заңнамасында тегін беруге (жазуға) қатысты  едәуір өзгерістер күшіне енді.

Ең әуелі, некеге тұрған ерлі-зайытыларға, оларға жалпы некелік тегі ретінде,сондай-ақ, жаңа тулған балаларға қосарланған тегін беру мүмкіндігі берілген. Ондай қосарланған  тегі, ерлі зайыптылардың екеуінің тегімен немесе ата-аналарының тектерімен тұрады және де екі тектен артық болмауы тиіс. Тегінің жазылуы дефис немесе дефиссиз жазуға болады.

Болашақта халықаралық жеке құқықта тегін таңдау, жеке тұлға сол мемлекеттің азаматы болып табылатын, мемлекеттің заңнамасымен емес, тегін алу және өзгерту, мысалы некеге тұру себебінен, оның тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің құқықтық нормаларымен белгіленетін болады.

Тұрақты түрде Қазақстанда тұрып жатқан Германия азаматтарына, жаңа қағидалар, басқадан бөлек, 01.05.2025 ж. кейін туылған балаларға тегін Қазақстан заңнамасына сәйкес алуды айқындайды.

Сол сияқты, Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар неке қиған кезде, олардың некедегі тегінің жазылуы  Қазақстандық заңнамасымен реттеледі.

Дегенмен, олардың қалауымен балаларға, сол сияқты ерлі-зайыптыларға қатысты Германия заңмасына сәйкес,олардың азаматтығына  байланысты, тікелей Германия заңнамасын таңдау  мүмкіндігі бар. Бұл ретте, олардың өтініштері, Германия дипломатиялық өкілдігінің құзырлы органдарымен расталып, сол елдің тиісті АХАТ органына қайта бағытталады.