Атқарушылық іс жүргізу талаптарының міндеттері

Атқарушылық іс жүргізу талаптарының міндеттері

 

Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының мiндеттерi

         Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi. Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.

         Сот орындаушысының міндеттерінен басқа, атқарушылық іс жүргізу тараптарының өз міндеттері бар екенінде айта кету қажет.

         Атап айтқада, борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

         Сондай-ақ, борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

         Осыған орай, атқарушылық іс жүргізу тараптарын өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының талаптарын орындауды сұраймыз.