Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Ж.Арыстамбекова 2025 жылдың 23 мамырында Тараз қалалық №39 орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Бала құқықтары, буллинг дегеніміз не және одан қалай құтылуға болады» тақырыбы бойынша дәріс оқылды